Өзіне қол жұсамақ болған Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайы белгілі болды.
JANA-Qazaqstan. Ол жедел-жәрдеммен қалалық Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылған. Әлі есін жимаған көрінеді.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Бекееваның орталыққа түскенін растады. Жан сақтау бөлімінде жатқан полиция қызметкері әлі есін жимаған.
«Түскен кездегі жағдайы ауыр, команың 1-дәрежесі бар. Қазір реанимацияда ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр. Алдын ала болжам бойынша, пациент суицид жасау мақсатында көп дәрі ішкен», – деп жазылған Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Айта кетсек, Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева өзіне қатысты даудан кейін суицид жасамақ болған.
Ведомство өкілі өзіне қол салмас бұрын Facebook желісінде жазба жариялаған. Онда жазба авторы басшылықтан қысым көргенін және өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтады.
Өз жазбасында Мөлдір Бекеева ПД жаңа басшылығын айыптап, мұндай қадамға баруына мәжбүр еткенін жеткізді.