Ван Дамм әріптестері Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварцнеггер және Джеки Чанды, сондай-ақ басқа да шоу-бизнес пен спорт жұлдыздарын Конго демократиялық республикасына баруға көндіруге тырысамын деп уәде берді.

JANA-Qazaqstan. Tегі бельгиялық Америка актері Жан-Клод Ван Дамм Конго демократиялық республикасының дипломатиялық төлқұжатын алды, деп жазды Lenta.ru.

Оның елші ретіндегі міндеті қоршаған орта мен жануарлар әлемін қолдау, сондай-ақ шетелден инвестиция тарту, елдің ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ету болмақ.

Елге ең алдымен тұрақтылық керек екенін түсіндім. Әзірге саяси жағын қозғамаймын. Президент пен оның айналасындағылардан көптеген ақпарат алып үлгердім.Жан-Клод Ван Дамм

Ван Дамм өзінің әріптестері Сильвестр Сталлоне, Арнольд Шварцнеггер және Джеки Чанды, сондай-ақ шоу-бизнес және спорт жұлдыздарын Конгоға баруға көндіруге тырысамын деп уәде берді, осылайша олар мұндай сапарлардың қауіпсіз екеніне көз жеткізеді.

1960 жылға дейін Конго демократиялық республикасы Бельгияның отары болып келді.