Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.
JANA-Qazaqstan. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, – делінген Жарлық мәтінінде.
Гүлшара Әбдіқалықова бұл қызметке 2020 жылы наурызда тағайындалған еді.