IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен жекпе-жек алдында туған күнімен құттықтады.
JANA-Qazaqstan.Бүгін, 8 сәуірде Қазақстан боксының жұлдызы 40 жасқа толды. Геннадийдің інісі Максим де құттықтаулар алды.
«Arigato ありがとう Thank you! Рақмет! Спасибо!» – деп қазақстандық құттықтауларға жауап берді.
Еске салайық, бұған дейін Головкин мен Мурата салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Екі боксшы да орта дивизиондағы салмақ шегін орындады. Орташа салмақ шегі – 160 фунт немесе шамамен 72,5 келі.
Жекпе-жек 9 сәуірде Сайтамада өтеді және Головкинге тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдары мен Муратаға тиесілі WBA Super белбеуі сарапқа салынады.