Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар алдыңғы күнмен салыстырғанда бір адамға аз болды. Covid-19 еліміздің үш облысында анықталды.
JANA-Qazaqstan. Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпар жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 12 жаңа жағдайы тіркелді, соның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 4,
- Алматыда – 7,
- ШҚО-да – 1.
Елде барлығы 1 305 304 жағдай расталды.
7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, соның ішінде:
- Шығыс Қазақстанда – 2,
- Қарағанды облысында – 4,
- Павлодар облысында – 1,
Елімізде барлығы 1 290 528 адам COVID-19-дан жазылып шықты.