Францияның бірқатар қаласында президент сайлауының бірінші турының қорытындысына қарсы жаппай наразылық шерулері өтті.

JANA-Qazaqstan.Телеарна мәліметінше, тек Ренн қаласында наразылыққа 500-ге жуық адам шыққан, көпшілігі жастар. Белсенділер антикапиталистік және антифашизмге қарсы ұрандар айтып, қала орталығын аралап өткен.

Көп ұзамай, бұл наразылық тәртіпсіздікке ұласқан: жастар көше жиһаздарын сындырып, банк бөлімшелері, ондаған дүкен терезесін сындырған. Мәлімет бойынша, қала орталығындағы алаңдардың бірінде өрт шығып, өрт сөндірушілердің араласуы қажет болған.

Дәл осындай акция Лион қаласында да өткен. Онда наразылыққа шыққандар саны әлі белгісіз. Белсенділерді ауыздықтау үшін полиция жұмылдырылған.

Наразылық білдірушілер президент сайлауына түскендердің ешқайсын – Эммануэль Макронды да, Марин Ле Пенді де қолдамайтындарын айтты.