ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад жоспарланбаған.
JANA-Qazaqstan. Оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жеке ұйымдастырылады.ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі
Еліміздің барлық өңірінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізу жоспарланған.