Пара алғаны үшін айыпталған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
JANA-Qazaqstan.Ведомство мәліметінше, Қызылордада 13 сәуірде ашық сот отырысында қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Сот қылмыстық іс бойынша сотталушы пайда табу үшін полиция капитаны Б.-ны қудалаймын деп қорқытып, одан 50 000 теңге талап еткенін анықтады. Қылмыстық ниетін әшкерелеп алмау үшін қол астындағы қызметкерлеріне қолма-қол ақша әкеліп беруді тапсырған. Жәбірленуші Б. ақшасы болмай, әріптесінен сұраған. Ол бас тартқан. Ол амалсыздан ақшалай көмектескен әйеліне жүгінген. Осыдан кейін Б. көлігінде бұрынғы бастығына қолма-қол 50 000 теңге берген», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.