Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өзіне телефон сатып алу үшін студентті қорқытып, несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
JANA-Qazaqstan.Полицияның мәліметінше, полиция бөліміне 17 жастағы колледж студентінің ата-анасы тонау туралы арыз жазған. Айтуларынша, бейтаныс жігіт ұлын өзіне телефон сатып алу үшін 330 000 теңгеге онлайн несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.
«Полиция қызметкерлері қаладағы мектептердің бірінің 11-сынып оқушысын ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілеумен жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны қарастырады», – деді полиция.