Қостанайда «Лада» көлігін мінген жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
JANA-Qazaqstan.«13 сәуір күнгі сағат 22.30 шамасында «Лада Приора» көлігін жүргізіп келе жатқан 2000 жылғы жас жігіт Қайырбеков көшесі, 397-ші үйдің қасындағы жолмен орталыққа қарай келе жатып, жолдың өтуге тыйым салынған орнынан өтіп келе жатқан 45-50 жастағы белгісіз ер адамды қағып кетті.
Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады полициядан. Жүргізуші қан сынамасын тапсырды. Қостанай қалалық полиция бөлімі аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.