Алматыда біліктілік тестін тапсыру кезінде қайғылы оқиға болды – тест тапсырушы қайтыс болды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

JANA-Qazaqstan. Оқиға Алмалы ауданында болған. Біліктілік сынағы кезіндегі төтенше жағдай туралы оқырманымыз хабарлады.

Жағдайы нашарлаған кезде ғимаратта тіпті дәрігер де болмады, – деп жазды оқырманымыз.

Сондай-ақ оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.

Куәгердің айтуынша, қайғылы оқиға Алматыдағы көлік және логистика академиясында мұғалімдердің біліктілік тесті кезінде болған.

Ешқандай алғашқы көмек көрсетіле алмады. Жедел жәрдеп келгенше адам қайтыс болып кетті, – деді куәгер.

Zakon.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне сұрау салды, дерек расталды.

1973 жылы туған азаматтың өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі