Футзалдан Қазақстан құрамасы 14 сәуірде жаңартылған әлемдік рейтингте үздік он команданың қатарына кірді.

JANA-Qazaqstan.Ұлттық құрама 1557 ұпаймен жетінші орында, желтоқсандағы рейтингтен бір саты төмен. Иран 1580 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты. Бразилия рейтингте көш бастап тұр.

Әлемдік рейтингтегі 10 үздік команда:

  1. Бразилия – 1796 ұпай
    2. Испания – 1754
    3. Португалия – 1744
    3. Аргентина – 1744
    5. Ресей – 1687
    6. Иран – 1584
    7. Қазақстан – 1557
    8. Парагвай – 1501
    9. Италия – 1453
    10. Хорватия – 1450

Бұған дейін 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды. Олар: Испания, Ресей, Португалия, Хорватия, Сербия, Әзербайжан, Италия, Чехия, Украина, Словения, Босния және Герцеговина, Польша, Финляндия, Румыния, Словакия, Грузия, Беларусь, Венгрия, Франция, Бельгия, Латвия, Солтүстік Македония, Германия, Черногория, Дания, Кипр, Армения, Косово, Литва, Израиль, Швеция, Аустрия, Молдова, Греция.