Бүгін Алматы мен Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

JANA-Qazaqstan.«2022 жылғы 16 сәуірде Алматы, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал норма шегінде болады

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.