ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңа трассалық медициналық-құтқару пунктерін іске қосу жоспарларын айтып берді.
JANA-Qazaqstan.«Жолдардың апатты-қауіпті учаскелерін шұғыл медициналық көмекпен қамту деңгейін арттыру мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде 4 жаңа трассалық медициналық-құтқару пунктерін (Атырау – 2, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында – 1) құру жоспарлануда», – деп жазды Ә. Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Оның айтуынша, қазір елде 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. Олардың әрқайсысында арнайы медициналық техникамен, медициналық мүлікпен, апатты-құтқару жабдықтарының жиынтығымен жарақталған реанимобиль бар.
ТМҚП-ның барлық қызметкерлері бұрын «Саламатты Қазақстан» (2011 – 2015 жылдары) және «Денсаулық» (2016 – 2019 жылдары) мемлекеттік бағдарламалары арқылы қаржыландырылса, 2020 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің штат санының лимитіне енгізілді және «Апаттар медицинасы орталығы» ММ қызметкерлері болып бекітілді.

Патрульдік автомобильді жинақтау тізбесіне (ІІМ-нің 2019 жылғы 1 қаңтардағы № 737 бұйрығы) кеңейтілген дәрі-дәрмек жинағы бар кәсіби медициналық қобдиша, өрт сөндіргіш, өртке қарсы төсеме, құтқару шеңбері, кеудеше және арқан (суда құтқаруға арналған), сондай-ақ альпинистік құтқару арқаны кіреді.
Бұдан басқа, трассалық медициналық-құтқару пунктерінен шалғай жерлерде патрульдеу орындарында полиция автоэкипаждары металды кесуге арналған қолға алып жүретін апатты-құтқару құралдарымен қосымша жарақталады.