Маңғыстау облысының оңтүстігіндегі Қарақия ауданы Ақтау-Жаңаөзен тасжолында белгісіз себептермен «Газель» толық жанып кетті.

JANA-Qazaqstan.Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 17 сәуірде, сағат 12.17-де болған. Жанған көлікті сөндіруге 1 техника, 4 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады.