Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру саласындағы қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу бойынша операция жүргізді.
JANA-Qazaqstan.ҚМА мәліметі бойынша, ұсталған адамдар тобы заңды рәсімдерді айналып өтіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан. Олар бақыланатын 35 кәсіпорыннан жалған шот-фактуралар жазып берген. Бірақ олар іс жүзінде қызмет көрсетпеген және жұмыс істемейді.
«Ұсталғандар мемлекетке 6 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Сот алты кінәліге де бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.
Барлық айыпталушы 10 жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметте басшылық қызмет атқару құқығынан айырылған.
Төленбеген салықтар бақылау және салықтық тексеру аясында контрагенттерге толық көлемде ұсынылатыны айтылды.