Мәжіліс депутаттары 2022 жылы Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды мақұлдады.
JANA-Qazaqstan.«Ұлттық қордан түсетін трансферттің көлемін 4 триллион 30 миллиард теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, қаражат республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордың мақсатты көрсеткіштері фискалдық шектерде қалады», – деді Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.
Депутаттар «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы заң жобасына дауыс берді.