Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, Республиканың ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Ол ел Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұланның функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет шараларын жүзеге асырады.
Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының және шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттерін орындаумен қатар, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін шешуге де қатысады. Сонымен қатар, Қызмет қызметкерлері салтанатты іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзінің материалдық-техникалық базасы, кәсіби кадрлары және оларды даярлаудың бірегей жүйесі бар. Оның құрылымы мен штат санын тікелей мемлекет басшысы бекітеді.
2022 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекеттік күзет қызметін Сәкен Исабеков басқарды.
Мерейтойлық мерекеге орай Президент телерадиокешенінде Қызметтің қызметіне арналған деректі фильм дайындалып, ол барлық республикалық телеарналардан көрсетілді.