Өскеменде автобус үш жасар қызды қағып, мерт қылды. Куәгерлердің айтуынша, автобус баланың басын басып өткен.
JANA-Qazaqstan.Жантүршігерлік оқиға 21 сәуірде болған. Оқиға дерегін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.
2017 жылы туған қыз алған жарақаттарынан кейін оқиға орнында көз жұмған.
«Осы жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы») бойынша соталды тергеу басталды», – деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Сондай-ақ, полицейлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге болмайтынын атап өтті.