22 сәуірде зейнеткерлікке шыққан Нұрлан Қылышбаевтың орнына Алматы облысы бойынша Парламент Сенатының депутаттығына сайлау өтеді.
JANA-Qazaqstan.»Сенат депутатын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттар депутаттары саналатын республика азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында сағат 11.00-де басталады», – делінген хабарламада.
Парламент Сенаты депутаттығына облыстан екі үміткер бар:
Жанболат Жүргенбаев – Алматы облысы мәслихатының хатшысы;
Гүлмира Ахметова – «Халық банк» облыстық филиалының директоры.
Облыстағы таңдаушылар тізімінде 358 мәслихат депутаты бар.