Петропавлда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен республикалық спартакиада өтіп жатыp.
JANA-Qazaqstan.Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ІІМ-нің республикалық спартакиадасына Полиция департаменттерінің 18 құрама командаларынан, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесінің 8 командасынан 150 палуан қатысып жатыр. Сайыс 6 салмақ дәрежесі бойынша – 66 келіден 100 келіге дейін және 100 келіден астам салмақ бойынша өткізіліп жатыр.