Балқашта теміржолшы пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылды. Вагондарды жөндеуші рельстерде қалып қойған. Пойыз жақындаған кезде қашуға үлгермей қалған, – деп хабарлайды Patriotnews.
JANA-Qazaqstan.Басылым мәліметінше, пойыз машинисі сағат 23.45-те Балқаш бекетінің 4-жолында бір адамды көріп, бірден пойызды тоқтатуға тырысқан. Бірақ қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
«Ер адам Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайдың анық-қанығы соталды тергеу барысында анықталады», – деді Балқаш бекеті Желілік полиция бөлімінің бастығы.