Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.

JANA-Qazaqstan.«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) соталды тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтіні хабарланды.