Франция президенті Эммануэль Макрон Париж маңындағы Сержи муниципалитетіне сапары барысында күтпеген жағдай болды. Сайлаушылар ел президентіне қызанақ лақтырып жіберген, – деп хабарлайды BFMTV телеарнасы. 

JANA-Qazaqstan.Оқиға 27 сәуірде базарда болған. Саясаткерді жергілікті тұрғындар қоршап алған. Бір кезде белгісіз біреулер президентке бірнеше қызанақ лақтырып жіберген.

Күзетшілер бірден президентті қорғай бастаған. Видеода белгісіз біреулер Макронға қызанақ лақтырып жібергеннен кейін біреу орыс тілінде: «Мужики! Мужики!» деп айғайлағаны естіледі.

Телеарна мәліметінше, бұл Макрон 24 сәуірде қайтадан президент болып сайланғаннан кейінгі халық алдына алғаш шығуы болған.