Талғарда танымал фотограф Александр Петренко қайтыс болды.

JANA-Qazaqstan.Оқиға сенбі, 30 сәуірде болған. Сағат 18.00 шамасында 2003 жылғы жүргізуші қытайлық мотоциклмен Рысқұлов көшесінде Euphoria кешенінің жанында ер адамды қағып кеткен.

«Саша аға ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Сағат 22.30-да қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Александр Петренко өмір бойы фотоөнермен айналысқан. Зейнетке шыққан кезде де сүйікті ісімен айналысқан.