Түркістан облысындағы Қарнақ ауылының халқы асарлатып мешіт салды. 3000 адамға арналған ғибадат үйі Ораза айт күні ашылады деп жоспарланып отыр.

JANA-Qazaqstan.Жаңа мешіт Кентау қаласына қарасты 2000 жылдан астам тарихы бар Қарнақ ауылының кіреберіс бөлігінде орналасқан. Ерекше сәулет үлгісінде салынған ғибадат үйі үш қабаттан тұрады. Оның қазығы 2019 жылы қағылып, үш жылдан астам уақыт бойы құрылысы жүргізілді. Мешіттің бой көтеруіне барлық қазақстандықтар күш салып, үлес қосты. Яғни, асарлату әдісі қолданылды.

Мешіттің құрылысына шет мемлекетте жүрген қазақстандық жомарт жандардың да үлесі бар. Ынтымақ пен бірліктің аясында салынған Алла үйі соңғы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда имам бөлмесінен бөлек оқу орталығы, кітапхана, арнайы жуынатын бөлмелер мен көлік тұрағы бар.