Семейде жетінші сынып оқушысы Ертіс өзеніне батып кете жаздады. Оны сыныптасы судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті деп хабарлайды Аrnapress
JANA-Qazaqstan.Тәртіп сақшыларының хабарына қарағанда, 1 мамырда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне куәгер Ертістегі «Чайка» ауданында кәмелетке толмаған бала суға батып кеткенін айтып хабарласқан.
Бірақ полицияға түскен бұл ақпарат расталмады – бала аман қалды.
«11 жастағы балаға алғашқы медициналық көмек көрсете білген сыныптасы, 11-інші мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Омаровтың әрекетінің арқасында тірі қалды», – деді Семей қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальоны суға батып кете жаздаған баланы жедел жәрдем бригадасына тапсырды.