Шығыс Қазақстан облысында былтыр күзде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, – деп хабарлайды yk-news.kz.

JANA-Qazaqstan.ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 38 жастағы Евгений Беспалов 2021 жылдың 27 қазанында Декаротивная көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Көп ұзамай полицияға оның әйелі хабарласқан.

«Осы уақыт бойы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. 2022 жылдың 30 сәуірінде Ертіс өзенінен 500 метр қашықтықтағы Бейбітшілік аралынан жоғалған азаматтың денесі табылды. Әйел өзінің күйеуін таныды», – деп хабарлады ШҚО ПД.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, өлімінің мән-жайы анықталып жатыр.