2025 жылға дейін 33 млрд теңгеге 9 топтық су құбыры салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
JANA-Qazaqstan.«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жалпы құны 33 млрд теңге болатын 9 топтық су құбырын салу және қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жалпы, 2025 жылға қарай шамамен 1,2 мың шақырым топтық су құбыры салынып, 22,3 мың адамы бар 41 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі және 33 мың адам тұратын 52 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылады», деді министр.
Сөз соңында Серікқали Брекешев елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары министрліктің тұрақты бақылауында тұрғанын баса айтты.