Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығымен утилизация төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді.

JANA-Qazaqstan. Атап айтқанда, автокөліктер мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларының утилизация алымының коэффициенттері екі есеге төмендетілді.

Сондай-ақ утилизация алымының коэффициенттері көлік құралдарының түрлері мен санаттарына да енгізілді.

Барлық төлем мөлшерлемелерін осы жерден көруге болады.

Бұйрық 2022 жылғы 14 мамырда күшіне енеді.