Ыстанбұлда (Түркия) әйелдер арасында өтетін бокстан 2022 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz
JANA-Qazaqstan.Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып Валентина Хальзова шығады. Ол 9 мамыр күні кениялық Лорна Куса Симбимен кездеседі. Қазақстандық спортшылардың алғашқы жекпе-жегінің кестесі:
9 мамыр Кешкі сессия 70 келі. Валентина Хальзова — Лорна Куса Симби (Кения)
10 мамыр Кешкі сессия 48 келі. Алуа Балқыбекова — Приянка Диллон (Канада)
11 мамыр Күндізгі сессия 52 келі. Жайна Шекербекова — Мелоди Варгас (Пуэрто-Рико) 57 келі. Карина Ибрагимова — Клаудия Нечита (Румыния) / Сабина Суч (Венгрия)
12 мамыр Күндізгі сессия 50 келі. Назым Қызайбай — Ингрит Валенсия (Колумбия) 54 келі. Дина Жоламан — Мария Мадуэньо Конде (Испания) 60 келі. Римма Волосенко — Шона Уитуэлл (Англия) Кешкі сессия 66 келі. Дариға Шәкімова — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
13 мамыр Кешкі сессия 81 келі. Гүлсая Ержан — Олеся Крысюк (Украина) +81 келі. Ләззат Күнгейбаева — Шеннур Демир (Түркия).