Бүгін елордада Жеңіс күні мерекесіне арналған отшашу болады.

JANA-Qazaqstan.Фейерверк сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады. «Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың», – делінген ақпаратта. Мәлім етілгендей, Жеңістің 77 жылдығына арналған отшашу демеушілер қаржысына ұйымдастырылып отыр.

Айта кетейік, 9 мамыр күні, қалада сондай-ақ концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұсынылады.