Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс елдеріне Украинаға қару жіберу Ресей мен НАТО-ның толыққанды ядролық соғысқа айналу қаупі бар тікелей қақтығысына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Ресейдің экс-президенті өзінің телеграм-каналында жазды

JANA-Qazaqstan.«НАТО елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамту, оның әскерін Батыс техникасын қолдануға дайындау, жалдамалыларды жіберу және біздің шекараларымызда альянс елдерінің жаттығуларын өткізу НАТО-ның Ресеймен тікелей және ашық қақтығысының ықтималдығын арттырады», – деді Медведев.

«Мұндай қақтығыстың әрқашан толыққанды ядролық соғысқа көшу қаупі бар. Бұл адамзатқа қауіпті сценарий болады», – деп қосты ол.

Медведев Батыс елдеріне «өзін де, басқаларды да алдамауға» кеңес берді.

«Сіздер өз әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы ойлануларыңыз керек. Русофобияның пароксизмдерінде өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар», – деп жазды Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Медведевтің мәлімдемесіне түсініктеме берді:

«Ресей мен НАТО-ның тікелей қақтығысынан бәрі де аулақ болғысы келеді. Ресей де. НАТО-да бұл туралы бірнеше рет мәлімдемелер жасалды, менің ойымша, ең бастысы Вашингтонда», – деді Песков.

Ол егер қандай да бір тарап Украинадағы «арнайы әскери операцияға» араласуға тырысса, Ресей «табанды жауап беруге дайын» екенін айтты.