Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы, 35 жастағы британдық боксшы Әмір Хан өз карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
JANA-Qazaqstan. Қолғапты іліп қоятын уақыт келіп жетті. Менің 27 жылдан астам уақытқа созылған осындай таңғажайып карьерам болғанына қуаныштымын», — деп жазды Әмір Хан Twitter-де.

Championat ақпараты бойынша, жалпы алғанда Әмір Хан 40 жекпе-жек өткізіп, 34-інде жеңіске жеткен, оның 21-ін нокаутпен аяқтады. 2022 жылдың ақпан айында өткен соңғы жекпе-жекте ол отандасы Келл Брукпен қолға түйістіріп, техникалық нокаутқа түсіп қалды. 2004 жылы Афиныдағы Олимпиадада боксшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.