«Милуоки Бакс» пен «Бостон Селтикс» арасындағы ойын аяқтала салысымен, белгісіз біреу «Файсерв-Форум» стадионының жанында қарудан жан-жағына оқ жаудырды.
JANA-Qazaqstan. New York Post газетінің хабарлауынша, оқтың дауысын естіген жанкүйерлер тым-тырақай жан-жаққа қашып, үлкен дүрбелең туғызды.
Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, бір әйел мен ер адам зардап шекті. Оқ жаудырушы ұсталды.
Матч кезінде стадионда 11 мыңға жуық адам болған.