Ақтауда сарбаз патрульдік бағыттан қашып кетті, – деп хабарлайды Lada.kz

JANA-Qazaqstan.ҚР Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімі бұл деректі растады. Сарбазды іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

Әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбеков 14 мамырда түнгі сағат 22:55-те 4-шағын аудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалған.

Әскери қызметші ҚР Ұлттық ұланының «Ұлттық Ұлан» деген жазуы бар көк түсті формасын киген. Бойы 160-170 сантиметр, қoй көзді, шашы қара екені хабарланды.