АҚШ Қорғаныс министрлігінің Advanced Research Projects Agency (DARPA) мен елдің Әскери-әуе күштері HAWC (Hypersonic Air- Breathing Weapon Concept) гиперсоникалық қанатты зымыранын сынақтан өткізді, – деп хабарлайды DW сайты.
JANA-Qazaqstan.5 сәуір, сейсенбі күні жарияланған DARPA есебінде ұшу сынақтарының нақты күні көрсетілмеген, тек олардың жақында өткені айтылған.
Бұл ретте CNN Пентагон мәліметіне сілтеме жасап, сынақтар наурыз айының ортасында өткенін хабарлайды.
DARPA мәліметі бойынша, зымыранның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан бес есе жоғары және «ұзақ уақыт бойы» сақталған. Құрылғы 65 000 футтан (шамамен 20 километр) астам биіктікке көтеріліп, 300 теңіз милінен (шамамен 482 шақырым) ұшып өткен.
АҚШ-тың HAWC гипердыбыстық зымыранын бірінші ұшыру 2021 жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылды. Бұған дейін гипер дыбыстық қарудың басқа түрлері де сынақтан өткен.