Қазақстанда оқу жылы мектеп оқушыларының рекорд санымен аяқталды.

JANA-Qazaqstan.Бюро мәліметінше, бүгін соңғы қоңырау салтанаты 3 597 159 оқушыға арналған.

«Бұл – кейінгі 20 жылдағы оқушылар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш. Оқушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 511 649, Алматы облысында – 453 199 және Алматыда – 314 683. Ең азы – СҚО-да, онда 75 171 оқушы», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство қызметкері жалпы білім беретін мектеп педагогтары саны артқанын атап өтті. 2021-2022 оқу жылында 369 696 болған, ал 10 жыл бұрын мектептерде 306 492 мұғалім жұмыс істеген.

«Жалпы білім беретін мектептер саны, керісінше, жыл сайын қысқарып жатыр. Биыл 7 550 орта мектеп оқушы қабылдаса, бұл көрсеткіш 10 жыл бұрын 7 790 болған еді. Оған себеп – ауылдық жерлердегі мектептердің жабылуы», – делінген статистика бюросы мәліметінде.