Нұр-Сұлтанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты басты сот процесі басталды.

JANA-Qazaqstan.Сот отырысы Сарыарқа аудандық №2 сотында өтіп жатыр.

Журналистер бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановтан өзінің кінәсіз екеніне қаншалықты сенімді екенін сұрады.

«Міне, сот басталды. Сотта барлығын естисіз. Барлық сұраққа жауап беремін», – деді ол.

Сонымен қатар, Біртанов процеске дайындық «жақсы өткенін» айтты.

Бұған дейін сот заңбұзушылықтарды жою үшін экс-шенеуніктерге қатысты қылмыстық істі қайта қараған болатын. 11 мамырда өткен алдын ала тыңдауда Біртановтың адвокаттары заңбұзушылықтар жойылмағанын мәлімдеді.

Алайда сот істі өндіріске қабылдады.

«Сот қылмыстық істі қайта қайтаруға негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сот талқылауында сіздермен бірге ұсынылған құжаттарды зерттейміз және сот осы материалдарға баға береді. (…) Істі қайтаруға ең басты негіз қорғау тарапының шағымдарына жауап берілмегені болды. Бұл мән-жайды прокуратура жойды, ал сотталушылардың кінәсі немесе кінәсіздігі туралы дәлелдемелерді басты сот талқылауында зерттеп, бағалаймыз», – деп түсіндірді судья.