СҚО-да бір адам суға батып кетті.

JANA-Qazaqstan.Есіл өзенінің Пакровка ауылы маңында болған. Бұл шомылу маусымы басталмай жатып болған алғашқы оқиға.

«Кешеден бері суға батып кеткен адамды іздестіру шаралары жүріп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша ол қайықтан құлап, батып кеткен. Оның нақты себебі анықталу үстінде», – деді ТЖД басқармасының аға офицері Кирилл Иванников.