ШҚО-да алты бала ұйықтап жатқан үйде өрт шықты. Үй иесі өртті өзі өшірмек болған.
JANA-Qazaqstan.Оқиға 31 мамырда Глубоковский ауданындағы Белоусовка ауылында болған.
Өрт шыққан кезде үй иесі аулада жүрген. Әйел түтінді көре салып, үйге қарай жүгірген: онда алты бала ұйықтап жатқан. Үйге көмірқышқыл газын анықтау құрылғысы орнатылған екен. Дабыл дыбысын естіген бірнеше бала өзі оянған.
«Қалғандарын анасы оятып, бәрін сыртқа шығарды», – делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Бастапқыда әйел өртті өз бетінше өшірмек болған, ал өрт сөндірушілерді көршілер шақырған.
Өрт шыққан жердің жалпы аумағы – 120 шаршы метр.