Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы символына қолтаңба қалдырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
JANA-Qazaqstan.Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы БалаFEST» қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының символы – алманың пішінінде жасалған экспозицияға қолтаңбасын қалдырды», – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.