WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болады. Бұл туралы WABetaInfo порталы мамандары мәлімдеді.

JANA-Qazaqstan.Енді WhatsApp қолданушылары жіберілген хабарламаларды өңдей алады. WABetaInfo мамандары хабарлама өңделгенін мессенджер пайдаланушылары да көре алуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Болжам бойынша, жаңа функция мессенджердің компьютерлерге арналған нұсқасында да, Android және iOS жүйелерінде жұмыс істейтін құрылғылардағы WhatsApp нұсқаларында да пайда болады. Пайдаланушылар хабарламаларды өзгерту опциясын нақты қашан пайдалана алатыны әлі белгісіз.