КВН-нің танымал ойыншысы, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай видео жариялады.

JANA-Qazaqstan.Қоянбаев видео үшін Қазақстан туын көтеріп, елдегі ең биік ғимарат – «Абу-Даби Плаза» кешенінің Qazaqstan мұнарасына шықты.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанда тәуелсіз республиканың жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгілік қалады