Республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты.

JANA-Qazaqstan.«Сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Қазақстандағы бүкіл 9 947 сайлау учаскесі, сондай-ақ еліміздің 19 шет елдегі дипломатиялық өкілдіктеріндегі 17 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Шетелде 48 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Осылайша, 9964 референдум учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр», – деді Мұхтар Ерман.