Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді.

JANA-Qazaqstan.Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол мексикалық Эдгар Рамиресті тізе бүктірді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта Абылайханның қарсыласын нокаутқа түсіруімен аяқталды.

Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында үш мәрте қола жүлде алса, Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол созды. Ол әуесқой бокста ұлттық құраманың капитаны міндетін атқарды.

Бокс кешінде қазақстандық Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидоны нокаутпен жеңді.