Танымал әнші Қайрат Нұртас ән айтқан концертте келеңсіз оқиға болған. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан ол ән айтып жатқанда, көрермендер сахнада жүгіріп жүргені көрінеді.
JANA-Qazaqstan.»Қайрат Нұртас ән айтып жатқан кезде жанкүйерлер қоршауды бұзып, сахнаға шықты», – делінген видеода.
Желі қолданушыларының айтуынша, концерт Павлодарда өткен. Сонымен қатар, пікір білдірушілердің қатарында бұл әрекет ерсі екенін айтқандар бар:
Жабайылар! Осындай адамдар үшін ұяламын.
Түсінбеймін, жұлдыздарға жақындаса, не болады?
Құдай-ау, сонша не болды?
Жабайы халық, Павлодарлықтардың масқарасын шығармаңдар!
Жабайылар, тірі адам көрмегендей.
Өзім сонда болдым, ұят.
Павлодар үшін ұялып отырмын.
Пікір білдіргендер арасында бұл қалыпты жағдай екенін де айтқандар табылған:
Бәрі түп-түзу, жанкүйерлері жақындап, сөйлескісі келген болар. Онда тұрған не бар?!
Қолтаңба алар еді, онда тұрған не бар? Президент секілді қорғап жатыр.
Кейбір Желі қолданушылары бұл жағдай қойылым екенін айтқан:
Ол әншілердің қойылымы.
Видеода жасөспірімдер әзіл үшін істеген секілді, ақыл-есі сау адамға мұндай ой келмейді.