Өскеменде екі ер адам көршісін өрттен құтқарды.
JANA-Qazaqstan.Өртті көрші тұратын Ризабек Қанапьянов байқап, оқиға орнына жедел жеткен. Оған туысы Манарбек Ауғанбаев қосылған. Олар бірігіп өртті сөндіріп жатқанда, үйдің ішінен көмек сұраған дауысты естиді. Өртеніп жатқан үйге Ризабек Қанапьянов кіріп, диванда жатқан 1957 жылы туған ер адамды көріп, далаға алып шығады.
Манарбек Ауғанбаев, №46 қалалық мектептің әскери нұсқаушысы. Фото Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Келген өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді.