Алматыда пойыз қағып кеткен ер адам қаза болды.
JANA-Qazaqstan.Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам «Алматы-1» және «Алматы-2» станциялары арасындағы учаскеде белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қаза болды.
«Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді», – делінген хабарламада.