Телефон алаяқтары қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесиені ұсынып хабарласа бастаған. Олар өздерін банк немесе автосалон қызметкерлеріміз деп таныстырып, қысқа мерзімде іс қағаздарын жүргізуге көмектесеміз деп уәде береді.

JANA-Qazaqstan.»Әңгімелесушінің психологиясын зерттеген алаяқтар одан жеке деректерін (банк деректемелері, шот нөмірлері, CVC кодтары) алуы мүмкін.  Азаматтарды сақ болуға, үшінші тұлғамен сөйлескенде құпия жеке мәліметтерді айтпауға шақырамыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры Дәурен Дайыров.

Прокурор адамды алдау немесе сеніміне қиянат жасау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертті.